Су мамандары сұраныста
Қолданыстағы гидротехникалық құрылымдардың басым бөлігі 1950-1985 жылдары салынған. Апаттық қаупі жоғары. Суармалы алқаптардағы гидротехникалық құрылымдар жұмысының сапасы да өте төмен. Шыны керек, қазіргі уақытта еліміздің су шаруашылығы гидротехникалық құрылымдар мен су шаруашылығы жүйелерін жобалау, реконструкциялау, салу және пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қабілетті мамандарға аса мұқтаж. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті өз Жолдауында осы өткір мәселелерді қозғап, «Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн» деп нақтылап тапсырма берген болатын.
Бұл тапсырманы орындау мақсатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шұғыл шешім қабылдап, өткен жылдың 22 қыркүйегіндегі №64 бұйрығымен «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті су саласы үшін кадрлар даярлау бойынша базалық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы ретінде анықталсын» деп нақтылаған болатын.
Бұл дұрыс шешім болды. Өйткені М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті – Жамбыл гидромелиративтік-құрылыс институтының мұрагері ретінде 60 жыл бойы (1962 жылдан бастап) «Су шаруашылығы» мамандарын даярлауды жүзеге асырып келеді. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті құрамындағы «Су шаруашылығы және т абиғатқа үйле стіру » институтының кадрлық әлеуеті мықты, ұжымда 19 ғылым докторы, профессорлар, 50-ден астам ғылым кандидаттары, доценттер, 13 PhD докторлары су ресурстарын тиімді және ұтымды пайдаланудың негізгі оқу-ғылыми мәселелерін шешуге атсалысып жүр. Мұндағы су шаруашылығы бойынша материалдық базаның үлкендігі технопарктер ашуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар университет шетелдік және отандық оқу орындарымен, ғылыми- зерттеу институттарымен су мамандарын дайындау бойынша ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде. Қазақ су шаруашылығы ғылыми- зерттеу институтымен, University Nebraska – Linkoln (АҚШ), Дрезден техникалық және Назарбаев университетімен және басқа да оқу орындарымен бірлесіп, жер беті және жерасты суларын ауыл шаруашылығына және энергетика саласына пайдалану бағытында ғылыми жобалар жүзеге асырылуда.
Институттың екі кафедрасы – «Су ре сурстары» мен «Мелиорация және агрономия» тікелей су шаруашылығы мамандарын даярлаумен айналысады және Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен тығыз байланыста.
Соңғы екі жылда біздің ғалымдардың қатысуымен су шаруашылығы саласында бірнеше кәсіби стандарттар әзірленіп, енгізілді.
«Академиялық үстемдік орталығын» (мықты өңірлік ЖОО) құру жобасы аясында университетіміздің «Су шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібінің ғылыми-білім беру хабы» жобасы бойынша құрылатын зертханалардың бағыттары мен атаулары мақұлданып, министрлік тарапынан 4 миллиард теңге қаржы бөліну жоспарлануда.
Бұл қаржыға алдағы уақытта «Су ресурстары», «Steam құрылыс материалдары мен конструкцияларын сынау», «Аграрлық модельдеу және бизне с жо спарлау », «Ирригациялық технологиялар», «Су сапасы» зертханалары салынады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында екі елдің ғылым және жоғары білім с аласына жауапты министрлері университетімізде Ташкент ирригация, мелиорация және ауыл шаруашылығы инженерлері институтының филиалын ашуға уағдаласқан болатын. Бұл да су шаруашылығы саласына білікті кадрларды дайындаудың өзектілігін көрсетіп отыр.
Бүгінде университет ғалымдары еліміз бойынша су шаруашылығы мамандарын даярлау мен өндірісті қамтамасыз етудің маңыздылығын е скере отырып, «Су шаруашылығы» білім беру бағдарламасы тобында «Гидротехникалық құрылыс», «Гидротехникалық мелиорация», «Гидроэнергетика», «Гидромелиоративтік жұмыстарды механикаландыру », «Су дипломатиясы», «Су шаруашылығы экономикасы» сынды жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу үстінде.
Судың баға жетпес байлық екенін түсіне білсек, суды реттеп, үнемдеп, қорғап отыратын мамандар дайындау да маңызды.
Кенжеғали ШИЛІБЕК,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының директоры.
Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді