Есепте тұрған ер адам бас бостандығынан айырылды
Таразда пробация есебінде тұрған азамат бас бостандығынан айырылды. Ол заңмен белгіленген талаптарға құлақ аспай, жаза өтеу тәртібін бұзған. Айта кетейік, пробация қызметкерлері есепте тұрған азаматтармен тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарды жүргізіп, түрлі профилактикалық шараларды қолға алған. Алайда, кейбір сотталған өздеріне берілген мүмкіндікті ескермей, тәртіп бұзуын жалғастыра беруде. Нәтижесінде пробация қызметкерлері жаза өтеу тәртібін бірнеше рет қайкөйлікпен бұзған есепте тұрғандарға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру жөнінде сотқа ұсыныс жолдайды. Дәл осындай сот отырысының бірі қалалық №1 пробация бөлімінің есебінде тұрған азаматқа қатысты болды. Онлайн өткен сот отырысы барысында пробация қызметінінің ұсынысы қанағаттандырылып, Б есімді азамат бас бостандығынан айырылды.
- Есепте тұрған ер адамның бұған дейін заңды бірнеше рет бұзғандығы белгілі болды. Ол пробация бақылауына тіркелуге келмей, жасырынған. Сондай-ақ бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Пробация қызметкерлерімен жүргізілген алдын алу жұмыстарынан қорытынды шығармағандықтан, сот шешімімен бас бостандығынан айырылды, - деді қалалық №1 пробация бөлімінің бастығы, әділет майоры Қуаныш Калык.
Атап өтерлігі, бейнебайланыс арқылы өткен сот отырысына есепте тұрған әрі жаза өтеуден жалтарып, тәртіп бұзуды қайталауға бейім өзге де азаматтар арнайы қатыстырылды. Мұндағы мақсат – оларды жаза өтеу тәртібі мен шарттарын бұзбауға шақыру. Ал олай болмаған күнде темір торға тоғытылатынын түсіндіру.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді