Биыл 1 шілдеде Тараз қаласындағы Қажымұқан көшесінің 1-бұрылысының екі қапталы трактормен қазылып, жаңа пластикалық газ құбырлары салынды, үсті қалай болса солай топырақпен жабылды. Міне, содан бері бес айдың жүзі болып қалды. Күн ашықта топырақ бұрқырап, шаңы шығып жатса, жаңбырдан кейін көше лайсаңға айналып, шалшық су кешіп кетеміз. Кешке таман мектептен оқушылар, балабақшадан бүлдіршіндер қайтқанда үсті-басы лас судан малмандай болып келеді. Қазылған жерлердің үстіне неге тас төселмейді? Қараңғы түскенде, көше бойында бөтен адамдардың ішкілік ішіп отырғанын байқаған балалар түгілі, үлкендер де жүруге қорқады. Сондықтан да тиісті орындар көшеге жарық орнатса, жөн болар еді. Тағы бір айтарым, учаскелік инспекторлардың бір мезгіл үй аулаларын аралап, тәртіп бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізіп жүргенін көрмейміз. Әсіресе, тәртіп сақшылары кеш қарайғанда көшеде төбе көрсетіп қойса, тұрғындар да алаңсыз жүрер еді. Осы мәселе де оң шешімін табар деген сенімдемін.
Сапарбек Садуов, еңбек ардагері, ІІ топтағы мүгедек.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді