«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

10,5 миллиард теңгені құрайтын заңбұзушылықтар анықталды

10,5 миллиард теңгені құрайтын заңбұзушылықтар анықталды
ашық дереккөз
10,5 миллиард теңгені құрайтын заңбұзушылықтар анықталды
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Нұр-Мұхаммед Мәделіұлы хабарлады. Айтуынша, Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен, бір көзден сатып алу тәсіліне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 10,5 миллиард теңгеге негізсіз заң бұзушылыққа жол берілгендігі анықталған.  Сондай- ақ, зерделеу жұмыстарының нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігі Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, екі бірдей бөлім басшысы мен бас маман қызметтерінен босатылды. Ал аудандар мен басқармалар бойынша: Байзақ ауданы әкімдігі Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары, Жуалы ауданы әкімдігі Тұрғын үй тұрғын, үй коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Қордай ауданы әкімінің орынбасары, Қордай ауданы әкімдігі тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Меркі ауданы әкімінің орынбасары мен Андас батыр ауылдық округінің әкімі, Шу ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы, Шу ауданы әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Талас ауданы әкімінің орынбасары, Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасы басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды!
Алдағы уақытта бақылау да, жаза да қатаң болмақ. Әрине Нұржан Молдиярұлының бұл позициясына қарсылық ,жалған ақпарат пен бұрмалаушылық, болары белгілі. Бірақ шегінерге жол жоқ! Бұл Жамбыл облысы әкімінің нақты позициясы,- деді Нұр-Мұхаммед Мәделіұлы

Бір көзден сатып алу тәсілі арқылы заңсыз әрекетермен күрес жалғаса бермек!

Ұқсас жаңалықтар