Еуропа мен Ресейдің санкциялық текетіресі ешкімге пайда әкелмейді
- author «Ақ жол»
- 27 қараша, 2014
- 276
Еуропа мен Ресейдің санкциялық текетіресі ешкімге пайда әкелмейді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді.
Тілшілердің сұрағына жауап беріп жатып, Нұрсұлтан Назарбаев Чехия президентімен талқыланған мәселелер жайында қысқаша айтып өтті. “Таяу Шығыстағы лаңкестік мәселесін ғана талқылаған жоқпыз, сонымен қатар украин тақырыбын, дағдарысты, Еуропа мен Ресейдің тараптарға еш пайдасын әкелмейтін санкциялық текетіресі жайлы талқыладық. Жалпы, экономика саясатпен байланыспауы керек, мұндай санкцияларды мемлекет те емес, мемлекеттер тобы да емес, БҰҰ қоюы керек. 2007-2009 жылдардағы қауіпті дағдарыстан енді ғана шығып едік, енді тағы да сол дағдарысқа түстік”, - деді Назарбаев. “Меніңше, Земан мырза екеуміз мұның бәрі де тез аяқталып, әріптестік басталғанын тілейміз. Менің идеям Еуропа мен Азияның, яғни Еуразияның бір ортақ нарық болып, игілік үшін жұмыс істеуі керектігіне негізделген. Біз осыны ғана тілейміз, тыныш әрі бейбіт жағдайдың болуына мүмкін болғанның бәрін жасаймыз”, - деді ол. Өз кезегінде Чехия президенті Милош Земан: “Шетелдік саясат саласында көзқарастардың 100 пайызға сәйкес келетінін айтқым келеді” деп мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді