Саясат
ҚР Оқу-ағарту министрлігі: 42 мектепке білім беру қызметіне лицензия алмағаны үшін айыппұл салынды
- author «Ақ жол»
- 31 қаңтар, 2023
- 317

ҚР Оқу-ағарту министрлігі: 42 мектепке білім беру қызметіне лицензия алмағаны үшін айыппұл салынды
Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және оның аумақтық департаменттері білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізу барысында бірқатар құқық бұзушылықтарды анықтады.
Тексеріс нәтижесінде 2022 жылдың соңында 56 мектеп лицензиясыз жұмыс істегені белгілі болды. Оның ішінде 40 мемлекеттік, 16 жекеменшік мекеме. Лицензиясыз жұмыс істейтін мектептердің ең көбі Астана және Алматы қалаларына, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу, Маңғыстау және Жамбыл облыстарына тиесілі.
Бүгінгі таңда 11 мектеп білім беру қызметіне лицензия алды. Үш мектептің материалы соттың қарауында. 42 мектепке қатысты сот лицензиясыз қызмет көрсеткені үшін айыппұл тағайындау туралы қаулы шығарды.
«Заңнамаға сәйкес, барлық мектептер білім беру қызметін бастамас бұрын рұқсат алуы керек. Мектепке білім берумен айналысу құқығы лицензия алған сәттен бастап қана беріледі. Лицензияның жоқтығы мектептің жарамдылық тексеруінен өтпегенін немесе рұқсат алу үшін құжаттарды тапсырмағанын білдіреді. Лицензиясыз мектептер білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды, яғни негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды бере алмайды. Лицензиясыз жұмыс істейтін мектептерге қатысты министрліктің аумақтық департаменттері әкімшілік іс қозғады. Бүгінгі таңда сот шешімімен 42 мектепке лицензиясыз білім беру қызметін жүргізгені үшін айыппұл салынды. Егер мектеп заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап алты ай ішінде лицензия алмаса, онда ол сот тәртібімен жұмысын тоқтатады», - деді Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов.Мектептер жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде. Министрлік облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне және білім басқармаларының басшыларына мектептердегі құқық бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдау туралы ресми хат жолдады.
Ұқсас жаңалықтар
Кейбір көрсеткіштер көзделген межеге сай орындалмаған
- 19 сәуір, 2025
Ауылдың абыройын асқақтатқан
- 6 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді