Дұрыс таңдалған мамандық – болашақтың жарқын кепілі
Адам өмірінде мамандық таңдаудан асқан маңызды іс жоқ. Десе де, оңы мен солын әлі танып үлгере алмаған мектеп оқушылары бұл істе өкінішсіз таңдау жасайды деп айта алмаймыз. Шын мәнінде, оқушылар мамандық таңдауда алдымен ата-анасымен, ұстаздарымен ақылдасып, бір шешімге келіп жатады. Мұндайда жастарға түрлі сала мамандарының да ақыл-кеңесі артықтық етпейді. Осыны жете түсінген өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері білім ошақтарына арнайы барып, жасөспірімдермен еркін форматта кездесулер өткізуде. Жуырда ғана ҚАЖ қызметкерлері көне шаһардағы бірнеше оқу ошақтарына бас сұғып, кез келген жас үшін мамандық таңдау маңызды іс екенін атап өтті.
Жыл жүздесу барысында тәртіп сақшылары ҚР ІІМ-нің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының артықшылықтарын атап өтті. Олар өз сөздерінде темірдей тәртіпке бағынып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында қызмет еткісі келетін әрбір жасқа бұл оқу орнының есігі айқара ашық екенін жеткізді.
Сондай-ақ олар академия туралы толыққанды ақпарат беріп, курсанттардың өміріне тікелей қатысы бар тың әрі қызықты оқиғалармен бөлісті. Бастысы, құқық қорғау саласының мамандары конкурсқа дайындық кезінде айрықша назар аударылуы тиіс сәттерді ерекше атап өтті.
Тәжірибелерімен бөліскен ҚАЖ қызметкерлері мектеп оқушыларының арасынан келешекте тыныштықты күзететін ұл-қыздардың шығатынына сенім білдірді. Өз кезегінде ұстаздар ұжымы мен мектеп оқушылары қиындығы қызметте жүрсе де, уақыт тауып білгенімен бөліскен офицерлерге алғыстарын жеткізді.
Әмина МАСАТБАЙ, №26 түзеу мекемесі кадр саясаты тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты
Ұқсас жаңалықтар
Таразда жазасын өтеушілерге құқықтық көмек көрсетілді
- 11 желтоқсан, 2025
Бұрын сөзбен шешілетін мәселе қазір құжатпен шешіледі
- 9 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




