Үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанынан бастап облыста алғашқы ақпарат агенттігі жұмыс істей бастайды. «Zhambyl News» ақпарат агенттігі (www.zhambylnews.kz) облыстың тыныс-тіршілігін аймағымыздан бөлек, республикаға тарататын болады.
«Zhambyl News» - облыстағы алғашқы екі тілде ақпарат тарататын бұқаралық ақпарат құралы болмақ, алдағы уақытта ағылшын тіліндегі нұсқасын қосу да жоспарда бар. Жаңа сайттың «Мәдениет», «Экономика», «ТВ», «Қоғам», «Бизнес», «Журналистік зерттеу», «Сұхбат», «Спорт» айдарлары бар. Бұдан бөлек, «ТВ» айдарында келесі жылдан бастап бейнесұхбаттар, бейнежаңалықтар, арнайы репортаждар әзірленеді деп күтілуде. Сондай-ақ, ақпарат агенттігінің ресми сайтында облыстың рухани өміріне де көңіл бөлінбек, оның ішінде, төл әдебиетіміздің тың туындыларына шолу жасалып, еліміздің қаламгерлерімен қызықты сұхбаттар да даярланып, олардың ой-пікірлері де жарияланып тұрмақ. Қазіргі уақытта ақпарат агенттігінің ресми сайты тесттік режімде жұмыс істеуде. Сұрақтар мен кеңестер беру үшін келесі электронды поштаға жазуға болады: zhambylnews@mail.ru.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




