Тұрғындарға сергектік сыйлаған бариста
Бала күтіміне байланысты – көптеген нәзік жандылар үшін екінші демі ашылып, бұрыннан ойға алған арманын іске асыруға таптырмас уақыт. Әсіресе бала тәрбиесімен отырған қазіргінің келіншектері үйде бос жатпай, жеке ісін дөңгелетіп, отағасына сүйеу болуды жөн санайды. Осындай жандардың бірі – аудан тұрғыны Раушан Жұмабаева. 27 жасар келіншек жуырда аудан орталығынан кофейня ашты.
Жас кәсіпкер кофеханасына «Yum-yum coffee» деген атау берген. Бұл ағылшын тілінен аударғанда «дәмі тіл үйіретін кофе» деген мағынаны білдіреді. Бұл жерден сіз хош иісті сусынды ғана емес, ыстық шайды да, пештен жаңа шыққан круассан мен тәтті десерттердің түр-түрін де өзіңізбен ала кетсеңіз болады.
Раушанның негізгі мамандығы – экономист. Мамандығы бойынша Алматы қаласында бірнеше жыл жұмыс істеген. Кейін тұрмыс құрып, содан соң декреттік демалысқа шығады.
–Бұрын банк саласында қызмет істедім. Сонда күнделікті таңертең ыстық кофе ішуді әдетке айналдырдым. Хош иісті сусынды ішіп отырып, келешекте жеке кофейням болса деп көп армандайтынмын. Декреттік демалыста отырып, осы арманым мақсатқа айналып, оған жету жолында әрекет етіп, міне бүгін көздегеніме жетіп отырмын. Биыл «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында мемлекеттен 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, қоғамдық тамақтандыру орталығына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдым. Құрал-жабдықтардың сапалысын алу үшін қосымша тағы несие алуға тура келді. Жалпы, қайтарымсыз грантқа ие болғанымда ісімді алып кететініме сенім де арта түсті. Мен секілді кәсіп ашқысы келген жастарға қолдау болатын мемлекеттік бағдарламалардың барына рақмет, – дейді бариста.
Ұқсас жаңалықтар
Қан қысымының көтерілуі неден пайда болады?
- 26 қараша, 2024
Дәрі тапшылығының алдын алу маңызды
- 26 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді