Таразда студенттерден пара алған ЖОО оқытушысы ұсталды
20 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы жоғары оқу орынының бірінен 46 жастағы оқытушы қызметтік кабинетінде студенттен 200 мың теңге көлемінде қаржы алу кезінде ұсталды.
Полиция қызметкерлері аға оқытушының бұған дейін 4-курс студенттерінен үш айлық тәжірибелік сабақтардан және емтиханнан өткізіп беремін деп әрқайсысынан 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткендігін анықтады. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады. Оған қатысты қолхатпен босату туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бапқа сәйкес, осындай қылмыс жасағаны үшін мүлкi тәркiленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салу, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда жазасын өтеушілерге құқықтық көмек көрсетілді
- 11 желтоқсан, 2025
Бұрын сөзбен шешілетін мәселе қазір құжатпен шешіледі
- 9 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




