Кенже БАЙТЫҚОВА, жеке кәсіпкер.
Қай заманда да ерінбей еңбек еткеннің екі бүйірі шыққан. Ешкімге алақан жаймаған. Әсіресе, еліміз Тәуелсіздігін жариялағалы бері жеке кәсіпкерлікке кең жол ашылды. Тірліктің көзін тапқандар, табыстың өзін тапты. Елбасының кәсіпкерлерге деген қамқорлығы орта және шағын бизнестің қанат жаюына мол мүмкіндіктер беріп отыр. Мысалы, биыл кәсіпкерлікті тексеруге мораторий жариялауы құлшынысымызды одан сайын арттырды.
Соңғы жылдары жаңа кәсіп ашамын дегендерді несиелендіру жолдары көбейді. Тіпті, аз сыйақы мөлшерлемелермен несие беру мүмкіндігі жасалуда. Мен бұрын өз қаражатыммен азық-түлік дүкенін ашып, әулетімді асырауға қол жеткізгенмін. Биыл Ресейдің еншілес «Сбербанкісінен» 25 миллион теңге (оның 12 миллион теңгесін «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры мойнына алды) несие алып, оған нысан сатып алумен қатар оны мейманханаға ыңғайлаудамын. Онда жатын бөлмемен қатар, кішігірім мәзірхана, тағы да қонақтарға қажетті жағдайлар жасалынбақ. Елбасының кешегі күнгі Жолдауы бізді тіпті қуантты. Алдағы уақытта орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау одан әрі жалғаспақ. Қомақты қаржы да бөлінбек. Мұның барлығын қарапайым халыққа қамқорлық деп түсінемін. Демек, тек еңбек ету керек.
Қаратау қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Дәрігерлерге қамқорлық артады
- 7 қаңтар, 2025
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді