Тұлға тағылымы
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Филология» пәнінің оқытушылары Н.Жақсымбетова, Ш.Рүстемова, А.Баялиевалардың ұйымдастыруымен «Қаз дауысты Қазыбек би: тұлға және мемлекет» тақырыбында студенттер арасында қашықтық ғылыми жоба байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымындағы студенттердің ғылыми-инновациялық ойтолғауларын қалыптастыру, шешендік өнерді, Қазыбек бидің шешендік мұраларын насихаттау және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру.
Республика бойынша облыстың әр өңірінен келіп түскен 80-нен астам материалдың барлығы сараланып, 45 ғылыми жоба арнайы жинақ болып топтастырылып, жарыққа шықты. Байқауға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, Л.Мұсалы, облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы М.Ахметова, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі директорының ғылыми және оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.Абжапарова, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жауапты қызметкері, педагог-шебер С.Наметқұлова қазылық жасады.
Байқау барысында студенттер «Шешендік өнер және тіл мәселесі», «Қаз дауысты Қазыбек бидің мемлекет пен құқық тарихындағы орны», «Билер философиясы: ұлт дүниетанымы мен руханияты» бағыттары бойынша бақ сынап, өздерінің ғылыми дәлелдемелері мен ұсыныстарын білдірді. Қатысушылар арасында тақырыптың өзектілігі, ғылымилығы мен жаңашылдығы, жұмыстың құрылымы, рәсімделуі, сондай-ақ қатысушының сөз саптауы мен мәнері бойынша критерийлер назарға алынды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынды Ақтау қаласындағы Мұрын Жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінен А.Мырзағали жеңіп алды.
Екінші орынды Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы «Бөбек» колледжінен М.Шаукен алды.
Үшінші орынды М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінен С.Нұрымбетова иеленді.
Сонымен қатар түрлі номинация иегерлері анықталды.
«Зерделі зерттеуші» аталымы бойынша Ә.Елемесова, («Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы «Бөбек» колледжі, Алматы қаласы) «Алғыр ой» аталымымен М.Бекпаева, Ж.Қаржауова, (Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Көкшетау қаласы), «Алғыр ой» аталымымен А.Өміртай (М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, Қызылорда қаласы), «Парасатты пайым» аталымымен Ш.Асхатқызы (Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі, Тараз қаласы), «Парасатты пайым» номинациясымен А.Марат (Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі, Қарағанды қаласы) «Жаңашыл идея» аталымымен Е.Серіккалиева (Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі, Атырау қаласы), «Жаңашыл идея» аталымымен А.Бақытбектер марапатталды (М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, Қызылорда қаласы).
Шолпан РҮСТЕМОВА,
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді