2014 жылғы қаңтар-қазандағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
- author «Ақ жол»
- 27 қараша, 2014
- 213
ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ
2014 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп кәсіпорындарында (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 221629,6 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі 2013 жылғы сәйкес кезеңге 102,5%-ды құрады. Өнеркәсіп өндірісінің 7,6%-ын құрайтын кен өндіру және ашық кеніштерді игеру кәсіпорындары 16781,1 миллион теңгенің өнімін өндірді және саладағы нақты көлем индексі 107,1%-ды құрады. Өңдеу саласы 164878,1 миллион теңгенің өнімін өндірді. Өңдеу өнеркәсібі облыстағы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 74,4%-ын құрады. Бұл саладағы өнімдердің нақты көлем индексі 2013 жылғы сәйкес кезеңге 101,2% болып қалыптасты. Электрмен жабдықтау, газ, бу жеткізу және ауаны баптау кәсіпорындары облыстағы өнеркәсіп өндірісінің 17,1%-ын құрап, 37973,6 миллион теңгенің өнімдерін өндірді. Бұл саладағы нақты көлем индексі 108,7%-ды құрады. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау кәсіпорындары 1996,7 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп, облыстағы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 0,9%-ын құрады. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ауылшаруашылығы саласының жалпы өнімдер көлемі 2014 жылғы қаңтар-қазанда бағалама бойынша 132339,5 миллион теңгені немесе 2013 жылғы сәйкес кезеңге 96,8%-ды, оның ішінде мал шаруашылығы 72159 миллион теңгені немесе 104,4%-ды, өсімдік шаруашылығы 59767,8 миллион теңгені немесе 90,3%-ды құрады. 2013 жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда облыс шаруашылықтарында мүйізді ірі қара мал саны 11,2 мың басқа (3,5%-ға), қой мен ешкі 57,6 мың басқа (2,2%-ға), жылқы 4,7 мың басқа (5%-ға), түйе 67 басқа (1,2%-ға) артып, шошқа 14,1 мың басқа (30,2%-ға), құс 56,9 мың басқа (4,6%-ға) кеміді. Талдау жасалып отырған кезеңде облыста өндірілген еттің 74,7%-ы, сүттің 87,8%-ы, жұмыртқаның 74,5%-ы тұрғындардың жеке (қосалқы) шаруашылықтары үлесіне тиіп отыр.
ҚҰРЫЛЫС
2014 жылғы қаңтар-қазанда құрылыс жұмыстарының (көрсетілген қызметтердің) көлемі 86532,7 миллион теңгені құрады. Аталған кезеңде тұрғын үй құрылысына 9389,4 миллион теңге жұмсалды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі тұрғын үйлер құрылысына игерілген қаржылар үлесі 5,4%-ды құрады. Тұрғын үйлерді салуға жұмсалған қаржылардың көпшілігі (72,7%) құрылыс салушылардың өз қаржылары болып табылады. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 192,8 мың шаршы метрді құрады, оның 176,2 мың шаршы метрі тұрғындардың күшімен іске қосылды. Пайдалануға берілген тұрғын жайлардың нақты көлем индексі 2013 жылғы сәйкес кезеңге 103,5%-ды құрады.
ТҰТЫНУ РЫНОГЫ
2014 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда айналымының көлемі 129120,9 миллион теңгені құрап, 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,9%-ға өсті. Сауда жасайтын кәсіпорындарда тауарлардың бөлшек саудасы 28,5%-ға артты. Есепті кезеңде базарлар мен жеке кәсіпкерлерде сауда көлемі 2,4%-ға кеміді. Көтерме сауда айналымы 2013 жылғы сәйкес кезеңге 106,7%-ды немесе 178265,4 миллион теңгені құрады. Көтерме сауда айналымының құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен өндірістік-техникалық мәндегі өнімдер басым (73,6%).
ҚАРЖЫЛАР САЛЫМЫ
2014 жылғы қаңтар-қазанда негізгі қорға салынған инвестициялар көлемі 174340,8 миллион теңгені немесе 2013 жылғы сәйкес кезеңге 108,6%-ды құрады. Негізгі қорға салынған инвестициялардың басым бөлігін 58585,8 миллион теңге немесе 33,6% үлес салмақпен бейрезиденттердің қарыз қаржылары құрады. Ғимараттарды тұрғызу және күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына инвестиция салу 62,3%-ға артып, машина, жабдықтар, құрал-сайман және мүкәммал сатып алуға қаржының 33,2%-ға кемігендігі байқалды. 2014 жылғы қаңтар-қазанда негізгі қорға салынған инвестициялардың 35,2%-ы көлік және қоймалауға бағытталды.
БАҒАЛАР МЕН ТАРИФТЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ
Тұтыну бағаларының индексі 2014 жылғы қазанда қыркүйектегімен салыстырғанда 100,2%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 0,2%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағалары 0,3%-ға, ақылы қызметтердің тарифтері 0,2%-ға қымбаттады. Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі мөлшерімен есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 2014 жылғы қазанда қыркүйектегіден 0,8%-ға, 2013 жылғы желтоқсандағыдан 13%-ға көтерілді.
ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ
2014 жылғы қыркүйекте бір жұмыскердің орташа атаулы айлық жалақысы 81113 теңгені, ал ірі және орта кәсіпорындарда 84986 теңгені құрады. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 19966 теңге мөлшерінде белгіленген. Жалдамалы жұмыспен қамтылған қызметкерлер еңбекақысының артуы 2014 жылғы қазанда өткен жылғы сәйкес аймен салыстырғанда ауыл, орман және балық шаруашылығында 17,2%-ға (45808 теңге), көлік және қоймалауда 17,1%-ға (122621 теңге), өнеркәсіпте 16,5%-ға (99184 теңге), өнер, көңіл көтеру және демалыс саласында 16,4%-ға (81125 теңге) артты. Еңбекақы төлеудің ең жоғары деңгейі ақпарат және байланыста (114821 теңге), қаржылық және сақтандыру қызметінде (114389 теңге), сонымен қатар, көлік және қоймалауда (122621 теңге) сақталды.
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ
Облысымыздағы халық саны 2014 жылғы 1 қазанға 1095,6 мың адамды құрады. 2014 жылдың басынан бері ол 11,1 мың адамға немесе 1%-ға өсті.
Облыстық статистика департаменті.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді