Саясат
Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Соколов кен орнына барды
- author «Ақ жол»
- 21 қаңтар, 2023
- 341

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Соколов кен орнына барды
Президент «Соколов-Cарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» (ССКӨБ) акционерлік қоғамына барып, Соколов кен орнының жұмысымен танысты. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері – темір рудаларын ашық және жер астында өндіру, құрамында темірі бар шекемтастар мен концентраттар және тауарлық доломит өндіру.
2022 жылдың қорытындысы бойынша 26 миллион тонна кен өндірілді, тауар өнімінің көлемі 10 миллион тоннадан асты.
Кен орнында Президентке «Еуразиялық топ» ЖШС-нің басқарма төрағасы Серік Шахажанов ыстық брикеттелген темір өндірісі жобасын және кен орнын басқарудың автоматтандырылған жүйесін таныстырды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына «Соколов-Cарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің» Еуропаға экспорттайтын өнімдерін ұлғайту жоспары туралы мәлімет берілді.
Президент тау-кен өндіру секторы отандық экономиканың өсімін артыратын негізгі саланың бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы тау-кен өндіру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін кәсіпорын жұмысшыларына алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Қордайда «Достық үйін» салуды тапсырды
- 26 сәуір, 2025
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді