жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер
Мемлекет әлеуметтік жәрдемақы алатын адамдардың барлық санаттарына төлемдерді жыл сайын көтеріп отырады. Келер жылдың басынан бастап сол үрдіс жалғасын таппақ. Ендеше, «барлық қаражат «ЭКСПО-2017-ге кетіп жатыр екен», «Ақ олимпиада Алматыда өтетін болса, жәрдемақылар азаяды» деген желсөзге желігудің қажеті жоқ. Мемлекет қашанда адамдарға қамқорлық аясын кеңіте түспек. Оған көз жеткізу үшін келесі кестеге қараңыз.
«2015-2017 жылдарға республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасына келесідей көрсеткіштерді белгілеу қарастырылуда: Күнкөріс деңгейі (КД) – 21364 теңге. Айлық есептік көрсеткіш – 1982 теңге.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 7 пайызға өсіруді қамтамасыз ету мақсатында (жеңілдікті арнаулы мемлекеттік жәрдемақымен ауыстырған) 2014 жылы 1 қаңтардан арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және көбейту үшін айлық есептік көрсеткіш 1982 теңгеден жүргізіледі. Толық еңбек өтілі үшін зейнетақының ең төменгі мөлшері (2015 жылдан тағайындау үшін) – 23 692 теңге. Базалық зейнетақы төлемі – 11 182 теңге. 2015 жылдан зейнетақы төлемін 9% арттыру қарастырылуда. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ең жоғары табыс 41 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрады. 2015 жылғы 1 қаңтардан жаңадан есептелетін зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған ең жоғары табыс 81 262 теңгені құрайды.
Сондай-ақ, 2015 жылғы 1 қаңтардан күнкөріс деңгейінің және айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне сәйкес, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуына байланысты және жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар, №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы мөлшері көбейтіледі, 2015 жылғы 1 шілдеден күнкөріс деңгейінің еселенген өзгерісімен есептеледі. Райхан Назарова,
облыстық бақылау және әлеуметтік
қорғау департаменті зейнетақымен
қамсыздандыру бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді