154 жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған
Бүгінде таңда жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту - күнтәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Сол себепті, ҚАЖ мекемелеріндегі сотты болғандардың «екі қолына бір күрек» тауып беру қарқынды жүргізілуде.
Мәселен, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі сотталғандардың 75 пайызы еңбекпен қамтылған. Нақтылай түссек, мұндағы 204 адамның 154-і жұмыс істеуге қабілетті.
Жабық мекемедегі жазасын өтеуші азаматтар түрлі жеке кәсіпкерліктер мен өндіріс орындарындағы ақылы жұмыстарға орналастырылған. Айталық, «Компания Самұрық» ЖШС-да – 49, «Вилла-стройда» - 29, «Запчасть» АҚ-да – 13 және «Ержан» жеке кәсіпкерлігінде – 18, «ОРЦ Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде – 4 сотталған азамат қызмет етеді.
Атап өтерлігі, жазасын өтеушілердің басым бөлігі халыққа күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарды өндірумен айналысады.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




