Білім
Ауа-райына байланысты Таразда 1-4 сынып оқушылары онлайн оқиды
- author «Ақ жол»
- 15 қаңтар, 2023
- 869
Ауа-райына байланысты Таразда 1-4 сынып оқушылары онлайн оқиды
Таразда аязға байланысты 16-17 қаңтар күндері 1-4 сынып оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды Тараз қаласы әкімдігінің Білім бөлімі. “Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №42 «Қолайсыз ауа-райы жағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы», Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының бұйрықтарының негізінде және қолайсыз ауа-райы жағдайында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ескерту хатына сәйкес 2023 жылдың 16-17 қаңтар күндері жалпы орта білім беретін мекемелердің мектепалды даярлық, 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ онлайн режиміне ауыстырылатындығы, 5-11 сынып оқушылары үшін дәстүрлі форматта білім алу жалғастырылатындығы туралы хабарланады!”,-делінген жазбада.
Ұқсас жаңалықтар
Республикалық пән олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті
- 9 сәуір, 2026
Бірегей білім ордасы
- 8 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




