
Қазақ әдебиетінде ең көп роман жазған жазушы
Қазақ әдебиетінде ең көп роман жазған жазушы бұл – Ілияс Есенберлин. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көрнекті жазушы, екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, қазақ әдебиеті тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы Ілияс Есенберлиннің барлық шығармалары енген 6 томдық шығармалар жинағы жарық көрген болатын. Жинаққа жазушының барлық шығармасы енгендіктен, кез келген оқырман «Көшпенділер», «Алтын Орда» сынды тарихи эпопеямен қатар кеңес үкіметі кезінде жарық көрген еңбектерді қазақ және орыс тілінде оқи алады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқырмандарға арнаған үндеуінде Ілияс Есенберлиннің еңбектерін терең зерттеусіз қазақ тарихын білу мүмкін емес екенін айрықша атап өткен болатын. «Шын мәнінде, Есенберлин еңбектеріне терең бойламаған адам ұлт тарихын жетік білемін деп айта алмаса керек», деді жазушы туралы Президент.
Ілияс Есенберлиннің барлық шығармасын бір кітапқа басып шығару – оқырман қауым үшін маңызды оқиға. Жазушының шығармалары елімізде ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерде де кеңінен танылған.
Бүгінге дейін Ілияс Есенберлиннің кітаптары 7 миллион тиражбен 30-дан астам тілге аударылды. Бұл біздің еліміздегі жазушылардың еңбектері арасындағы ең көп таралым.
Нұржан ҚАДІРӘЛІ.
Ұқсас жаңалықтар
Әріптесіміз әдеби байқаудың жеңімпазы атанды
- 22 сәуір, 2025
Ой іздесем таулы өлке, қырға барам
- 17 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді