Құқық
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бала құқықтары жөніндегі уәкілдермен кездесті
- author «Ақ жол»
- 13 қаңтар, 2023
- 392

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бала құқықтары жөніндегі уәкілдермен кездесті
Ғани Бейсембаев еліміздің аймақтарындағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдермен кездесті.
Жиында қатысушылар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау жайында пікірлерін ортаға салып, ең өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесуде буллингпен күрес, білім беру мекемелерін бейнебақылау камералары және дабыл белгілерімен қамту, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың техникалық және кәсіптік білім алуына жағдай жасау, ПМПК ашу, тәрбие жұмысында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға басымдық беру және тағы басқа ұсыныстар көтерілді.
Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігіне жауапты өзге де ведомстволармен ынтымақтастық орнатып, тығыз байланыста болу үшін ортақ алаң құру бастамасы көтерілді. Оқу-ағарту министрі балалардың мүддесін қорғау жұмысына қоғам болып жұмылып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
«Елімізде 6,5 млн-нан астам бала бар. Сол себепті бала құқықтары жөніндегі уәкілдермен әріптестік орнатып, тығыз жұмыс істеу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру біз үшін өте маңызды. Осы үлгіде облыстық, аудандық, ауылдық деңгейлерде де ынтымақтастық орнатылуы керек. Жергілікті жердегі басшылар сіздердің жұмыстарыңыздың маңызын жіті түсініп, қолдау көрсетулері керек», - деді Ғани Бейсембаев.Кездесуде аймақтарда көшпелі семинарлар өткізу туралы ұсыныс айтылды. Бұдан бөлек, балалардың құқығын қорғау ісінде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру үшін «Әкелер кеңесі» және «Аналар кеңестерінің» жұмысын жандандыру мәселесі талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар
Жезқазғанда балаға қол көтерген тәрбиеші істі болды
- 23 сәуір, 2025
Ауданда қылмыс саны азайған
- 29 наурыз, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді