Саясат
Парламент ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы туралы Конституциялық заңның күші жойылды деп таныды
- author «Ақ жол»
- 13 қаңтар, 2023
- 292
Парламент ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы туралы Конституциялық заңның күші жойылды деп таныды
Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын қабылдады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Аталған заңға Мәжілістің бір топ депутаты бастамашы болды.
Заң жобасын қарау Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен екі оқылымда өтті.
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров баяндамасында 2022 жылы өткен жалпыхалықтық референдумда қазақстандықтардың 77 пайызы Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап, дауыс бергенін еске салды. Ата заңға енгізілген түзетулерге сәйкес Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Конституцияның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды.
«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы аталған мәселеге қатысты Конституциялық Сотқа жүгінді. Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы мәртебесі» жөніндегі заңның еліміздің жаңа Ата-Заңына сәйкес келмейтіндігі жөнінде шешім шығарды», – деді Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.Сондай-ақ Е.Саиров Қазақстанның демократия мен плюрализмге бет алып, түбегейлі саяси трансформация кезеңінде жеке топтардың билікті меншіктеуге апаратын тетіктерге жол бермеу маңызды екенін атап өтті. Отырыс барысында Парламент Мәжілісі мен Сенатының Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары Арман Қожахметов пен Владимир Волков қосымша баяндама жасады. 2023 жылғы 10 қаңтарда Конституциялық Сот қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңды сақтауға құқықтық негіздер жоқ екенін мойындай отырып, Конституциядан 46-баптың 4-тармағын және өзге де нормаларды алып тастау туралы нормативтік қаулы қабылдаған болатын. Осыған байланысты аталған заңның күші жойылды.
Ұқсас жаңалықтар
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді