Мұғалім кінәлі
Аузының наны шайналмай қалса да,
Аяқтың бауы байланбай қалса да.
Тамақты артық ішіп қойса да,
Іші өтіп, қалып құсып қойса да,
Үйіне қонбай қашып кетсе де,
Оқымай кітап шашып кетсе де,
Біреуді ұрып жағасын алса да,
Лайықты қойған бағасын алса да,
Сабақтан қалып, кешігіп келсе де,
Қолының тамыры кесіліп келсе де,
Мазасы болмай жөтеліп қойса да,
Жаңылып жолдан, көтеріп қойса да,
Мектептен үйге бармай қойса да,
Ата-ана күтіп алмай қойса да,
Автобусқа мінбей қойса да,
Жүретін жолмен жүрмей қойса да,
Төбелес іздеп, қан боп келсе де,
Көшеде ойнап шаң боп келсе де,
Насыбай атып, темекі шексе де,
Топ болып топпен ерегессе де,
Өмірге баулып, жетелеп келсе де,
Елдің баласын еркелетпесе де,
Бәріне мұның МҰҒАЛІМ КІНӘЛІ!
Мәулен ЖАППАСБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




