«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жоғары білімнің қолжетімдігі үшін гранттарды 2025 жылға дейін жыл сайын 5000-ға ұлғайту көзделген - Саясат Нұрбек

Жоғары білімнің қолжетімдігі үшін гранттарды 2025 жылға дейін жыл сайын 5000-ға ұлғайту көзделген - Саясат Нұрбек
ашық дереккөз
Жоғары білімнің қолжетімдігі үшін гранттарды 2025 жылға дейін жыл сайын 5000-ға ұлғайту көзделген - Саясат Нұрбек
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Президенті Әкімшілігі және ҚР Парламентінің өкілдері, ЖОО ректорлары, ҒЗИ мен министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі. Министр Саясат Нұрбек 2022 жылды қорытындылай келе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы аясында 2023 жылға арналған міндеттерді таныстырды.
«Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды тұғырнамасы аясында жоғары білім саласын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Біріншіден, студенттердің стипендиясын 2025 жылға дейін 2 есеге арттыру жоспарланған. Екіншіден, барлық студенттерге әлемдік цифрлық кітапханаларды тегін пайдалануын қамтамасыз ету. Үшіншіден, студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесін шешу. 2023 жылы ЖОО басшыларымен бірлесіп осы міндеттерді іске асыру бойынша жұмыстар басталады және жалғастырылады», – деді Саясат Нұрбек.
Сондай-ақ, министр өз сөзінде министрліктің даму стратегиясына негіз болған жоғары білім берудің басым міндеттерін атап өтті.
«Жоғары білімнің қолжетімдігі үшін гранттарды 2025 жылға дейін жыл сайын 5000-ға ұлғайту көзделген. Шәкіртақы мөлшері бойынша да осындай динамика болады. Еңбек нарығы қазірдің өзінде сұранысқа ие болу үшін тек бір саладағы білімнің жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Ол үшін кадрларды даярлауда пәнаралық тәсіл принципі көбірек қолданылуда. Студенттер контингентінің жыл сайын ұлғаюы жоғары оқу орындары арасында бәсекелестікті арттырады және білім беру бағдарламаларының алуантүрлігіне әкеледі. Еңбек және білім нарығын үндестіру үшін біз жоғары оқу орындарының ОПҚ арасында форсайт-сессия және өңірлік нарықты талдау негізінде кәсіптердің өңірлік карталарын әзірлеу бойынша жұмысты бастадық», – деп атап өтті ведомство басшысы.
Өз сөзінде Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жаңадан «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңы әзірленетінін, ол ғылым саласындағы жаңа бағытқа көшуге негіз болатынын және сол арқылы ғылым мен технологияның тың моделін енгізу қамтамасыз етілетінін атап өтті. Сонымен қатар ведомство басшысы министрліктің маңызды бағыттарының бірі – тіл саясаты бойынша 2022 жылды қорытындылады. Министрдің айтуынша, ЖОО мен ТжКБ үшін қазақ тіліндегі 20 атаудағы оқулық шығарылды. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай 63 іс-шара өткізілді. Сонымен қатар, Үкімет қаулысымен «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгілері бекітілді. Алқа отырысының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов ғылымды, жоғары білім беруді және тіл саясатын дамыту саласында бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ұқсас жаңалықтар