Желдің салдарын жою бойынша ақпарат
2023 жылдың 3 қаңтарындағы дауылды желге байланысты Тараз қаласында тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және желдің салдарын жою бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда. Электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша қала тұрғындарынан 43 өтінім түскен. 1 – еуі кабельдің үзілуі бойынша, 3 – еуі трансформатор сақтандырғышы жанып кеткен, сондай-ақ, 1-і электр желісінің тұйықталу салдарынан қосалқы станцияда авариялық ажырату болған. Қалған 38-і жеке сипаттағы өтінімдер.
Бүгінгі таңда 36 өтінім жойылды. Қалған 7 – сі апаттық бригадалармен пысықталып, қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Тиісті жұмыстарға 24 адам - 6 бригада және 6 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды.
Жамбыл ауданы аумағындағы Қазфосфат желісіндегі кабельдің үзілуіне байланысты "Победа" және "Юбилейный" және "Дорожник" саяжайларында апаттық ажырату орын алды. Аталмыш орынға авариялық топ шығып, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Қазір аталған саяжайлар электр желісіне қосылды.
Қалада газ және жылу беру тиісті деңгейде. Білім беру және денсаулық сақтау объектілерінде авариялық ажыратулар болған жоқ. Жұмыс штаттық режимде.Дауылдың салдарынан "Бәйтерек" шағынауданының №36 және 37 үйлерінде (13) парапет пен сайдинг бұзылған. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құлау орындары арнайы қоршалған.
Сондай-ақ, қалада 3 бағдаршам зақымданды. Бүгінгі таңда 2 бағдаршамның жұмысы қалпына келтірілді. Біреуі электр энергиясына байланысты жұмыс істемеуде.4 қаңтарда қалада 2 ағаш құлаған. Төле би даңғылы 67 мекен-жайында құлаған ағаш көлікті басып қалған. Қазір тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қатты дауылдан Тараз қаласы бойынша екі адам зардап шекті. Біреуі кәмелет жасқа толмаған бала. Анығы 2013 жылы туған жасөспірім. Алдын ала мәлімет бойынша өзі тұратын үйінің қақпасы үстіне құлаған. Қазір науқас облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ем алуда. Баланың жағдайы орташа деңгейде.
Ал, екінші адамға медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық жағдайда үйіне ем алуға жіберілген. Екі науқаста жедел-жәрдем қызметіне хабарласпаған.
Алдағы уақытта қосымша ақпарат ұсынылатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Қан қысымының көтерілуі неден пайда болады?
- 26 қараша, 2024
Дәрі тапшылығының алдын алу маңызды
- 26 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді