
Сөз мергендері сынға түсті
Әдетте олимпиада, байқау, жарыс сынды дүниелерге оқушылар қатысады. Ал қатысушы рөлінде бақтарын ұстаздар сынаса ше? Облыс әкімдігі білім басқармасының оқу- әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған I облыстық «Сөз мергені» топтық пән олимпиадасы өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің теориялық білімін анықтап, кәсіби деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс- шараға кемінде 5 жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар пән мұғалімдері қатысты.
Облыстық топтық пән олимпиадасы «Тапқыр болсаң тауып көр», «Кім жылдам?», «Әдебиет танытқыш», «Тіл – құрал» атты төрт кезеңнен құралды. Жүзге жуық педагог қатысқан олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін облыстың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының ғалымдары, тәжірибелі педагогтар мен кәсіби шығармашылық конкурстарының жеңімпаздарынан құралған сараптау комиссиясы анықтады.
Нәтижесінде бас жүлдені Тараз қаласының, І орын Т.Рысқұлов ауданының, ІІ орын Жамбыл, Қордай, Сарысу аудандарының мұғалімдері және ІІІ орынды Байзақ, Жуалы, Меркі, Талас аудандарының педагогтары иеленді.
Ұқсас жаңалықтар
Әріптесіміз әдеби байқаудың жеңімпазы атанды
- 22 сәуір, 2025
Ой іздесем таулы өлке, қырға барам
- 17 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді