
59 борышкердің автокөлігі тұраққа қойылды
Облыс аумағында «Борышкер-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты– әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар және мәжбүрлеп іс жүргізу қозғалған адамдарды толық қамту. Бұл күндері полиция және прокуратура қызметкерлері, өңірлік жеке сот орындаушылары палатасы мен БАҚ өкілдері бірлесіп, облыс жолдарында борышкерлерді анықтау бойынша рейдтер жүргізді. – Профилактикалық іс-шараның алғашқы күнінің нәтижелері бойынша өндіріп алынған қаржы көлемі 7 миллион 737 мың теңгені құрады. 437 борышкердің мекенжайын аралау жүзеге асырылды. Сот орындаушыларының қаулыларына сәйкес, мамандандырылған тұраққа 59 борышкердің автокөлігі қойылды, – деді облыстық полиция департаментіне бағынысты әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жайдарбек Құттыбаев.
Айта кетейік, әкімшілік айыппұл салынған жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 811- бабына сәйкес, кез келген азамат жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50 пайызын төлеуге құқылы. Ал бұл мерзім өткеннен кейін әкімшілік айыппұл толық төленеді. Бастысы, әкімшілік айыппұл қаулы заңды күшіне енген күннен бастап 30 тәулік ішінде төленуге тиіс.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Жезқазғанда балаға қол көтерген тәрбиеші істі болды
- 23 сәуір, 2025
Ауданда қылмыс саны азайған
- 29 наурыз, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді