Есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Облыстық полиция департаментіне қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 43 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады. Күдіктіні тінту барысында оның күртесінің ішкі қалтасынан салмағы 384,05 грамм «гашиш» есірткі заты бар оралған 5 полиэтилен табылды. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша үйдің ауласында орналасқан темір шкафта салмағы 616,47 грамм «гашиш» есірткі заты бар 8 бума табылды. Ұсталған адам кінәсін толық мойындады, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Егер оның осы қылмысты жасағаны дәлелденсе, сот үкімімен 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
– Тәркіленген «гашиш» есірткі құралының жалпы салмағы – 1 келі 52 грамм. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда 16 ойын-сауық орнының иесі жауапкершілікке тартылды
- 3 наурыз, 2026
Луговой жылқы зауыты: Әбіқаев пен Базаралиев соттасып жатыр
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




