Әскери киімдегі ер адам шабуыл жасаған
Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне әскери киімдегі белгісіз ер адамның Құлан ауылындағы бірнеше тұрғын үйге кіріп, азаматтарға дене жарақатын келтіргені туралы хабарлама түседі. Белгілі болғандай, ер адам кешкі уақытта үй ауласында орналасқан дүкенге бас сұғып, 45 жастағы азаматшаның бет тұсына соққы жасаған. Мұнан соң, дәл осы көшеде орналасқан тағы екі пәтерге кіріп, ондағы 43 және 45 жастағы азаматшаларды ұрып-соққан. Осы тұста жәбірленуші азаматшаның үйіндегі жолдасы ер адамды ұстап, тәртіп сақшыларын шақыртқан.
Шұғыл жеткен құқық қорғау қызметкерлері 22 жастағы әскери қызметшіні полиция бөліміне жеткізіп, тиісті жедел іс-шаралар жүргізген. Бүгінгі таңда аталған дерек бойынша «Оңтүстік» өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша департаментімен ҚР ҚК 149-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Есен ӨТЕУЛІ.
Ұқсас жаңалықтар
Өндірістегі жазатайым оқиға: әділдік пен заң талаптары
- 12 наурыз, 2026
Үйді тонаған ұры емес, өзі болғаны ма?...
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




