Қоғамдық орындардың қауіпсіздігі басты назарда

Қоғамдық орындардың қауіпсіздігі басты назарда
ашық дереккөз
Қоғамдық орындардың қауіпсіздігі басты назарда
Соңғы жылдары өртке қарсы жағдайды тиісті бағалау мақсатында мемлекеттік өртке қарсы қызмет тәжірибесінде адамдар жаппай жүретін ірі өрт қаупі бар нысандарға назар аударуды күшейтуге мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді. Тіркелген ұйымның тәуекелдерді тәуелсіз бағалауды өткізуге арналған оң қорытындысын алған адал кәсіпкерлерді көтермелеу шаралары көзделген. Атап айтқанда, олар қорытынды шара қолданылатын кезде жоспарлы тексерулерден босатылатын болады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл бойы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ бизнес-секторымен қарым-қатынас жасау бойынша бірқатар іс-шаралар атқарып келеді. Жақында осындай шаралар аясында қала әкімдігінде өрт қауіпсіздігі саласы бойынша кәсіпкерлік секторымен қарым-қатынас жасау мәселесі қаралған жиналыс өтті. Негізгі мәселе – сауда орталықтары мен тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігінің сақталу жайы. Жиында алғашқы болып сөз алған қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Әскер Сарбатов жиналғандарға сауда объектілерін өртке қарсы жағдайда ұстауда қойылатын негізгі талаптар туралы мәліметтер берді. Сондай-ақ облыс көлемінде адамдар жаппай жиналатын объектілерде орын алған өрттер бойынша жасалған талдаумен таныстырды. Сондай-ақ жиынға қатысушылардың басты назары қалада орын алған соңғы өрт оқиғаларына байланысты атқарылған іс-шаралардың маңыздылығына аударылды. Әскер Сарбатов жыл басынан бері Таразда 217 өрт оқиғасы тіркелгенін айтты. «Қызыл жалыннан» келген шығын 31 миллион 590 мыңды құраған. Өрт салдарынан 3 адам көз жұмып, 2 адам зардап шеккен. Жыл басынан бері өрт қауіпсіздігін сақтамағаннан 7 кәсіпкерлік нысан отқа оранған. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сауда орындары басшыларымен 4 дөңгелек үстел отырысы өткізіліп, 12 нұсқау беріліп, 4 мыңнан аса жадынама таратылды. Базарлар мен сауда орталықтары өкілдеріне төтенше жағдайлар департаментінің байланыс телефондары туралы мәліметтер, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі жадынамалар мен әдістемелік нұсқаулықтар таратылды. Жиналыс барысында пікірталас орын алып, қатысушыларды тексерудің жиілігі және тәртібі, сондай-ақ өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі талаптары қызықтырды. Барлық қойылған сұрақтарға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін заңнамалық актілерге сүйене отырып түсіндірмелер берілді. Жиында адамдар жаппай жиналатын нысандарда өрттің алдын алу жұмыстары бойынша көтерілген ұсыныстар мен кемшіліктер ескеріліп, қорытындыланды. Кәсіпкерлерге электр кабельдері мен сымдарын ЭҚЕ-ге сай келтіру, олардың орамдарын қарсылыққа тексеру, жобада көрсетілмеген (уақытша, заңсыз) құрылыстарды жою, ішкі және сыртқы өртке қарсы су жүйелерін жарамды жағдайға келтіру және оларға тиісті жарықтық немесе флурацентті көрсеткіштер орнату, сондай-ақ нысандарды құрылыс нормаларына сәйкес автоматты өрт сөндіру мен анықтау жүйелерімен жабдықтау, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету және ағаш құрылымдарды өртке қарсы қоспамен өңдеу қажеттігі жөнінде нұсқаулар берілді. Сонымен бірге, кәсіпкерлік нысандарында орын алған өрт туралы өртке қарсы қызметке дер кезінде хабарлама беру, өртке қарсы қызметтің өртті сөндіру барысында заңмен белгіленген тәртіпте ұйымның аумағына кедергісіз кіруіне мүмкіндік жасау мәселелеріне де баса назар аударылды. Жалпы, кездесу барысында сыбайлас жемқорлық бойынша көріністер қаупін азайту механизмдері мен жолдары да талқыланып, бақылаудағы нысандарды өртке қауіпсіз жағдайда ұстау туралы ұсыныстар назарға алынды.  

Қайрат ОРАЗБАЕВ,

Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының

бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі.

Ұқсас жаңалықтар