БЕЛ ЖАЗуға мұрша жоқ

БЕЛ ЖАЗуға мұрша жоқ
ашық дереккөз
БЕЛ ЖАЗуға мұрша жоқ

Еңбектерінің рәтін көрген шаруалар шаршауды білер емес

Қарашаның қара суығы күзгі жиын-теріннің аяқталып келе жатқанын білдіргендей. Қар жаумай, қазан ұрмай өнімді жинап алуға тырысатын дала еңбеккерлері сәбізді суыққа бір ұрындырып барып қоймаға жөнелтеді екен. 

Гродеково ауылдық округіне қарасты «Көшеров», «Шалов» шаруа қожалықтарының алқаптарында қазір сәбіз жинау науқаны жүріп жатыр. Оны қыр асып келіп қол көмегін тигізіп жатқан жалдамалы жұмысшылар мен жүйткіген жүк көліктерінің зырыл қағуынан-ақ байқауға болады. Жалпы аудан бойынша 2304 гектар сәбіз отырғызылса, соның 700 гектары осы Гродеково ауылдық округіне тиесілі. Округке қарасты 154 шаруа қожалығының ірілендірген 7 шаруа қожалығы өнімнің осы түрін еккені үшін мемлекеттен гектарына 5000 теңгеден субсидия алған. Одан бөлек 840 тонна минералды тыңайтқыш пен 168 тонна жанармай кепілді бағамен беріліпті. Гродековтықтардың сәбізі гектарына 270-300 центнерден айналуда. Ала жаздай бел жазбай бейнет еткендер еңбектің рәтін көруде.

Дүйсенбек Орманов, тілші.

Жамбыл ауданы.

Ұқсас жаңалықтар