«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жазасын өтеуші үшін жақындарының қолдауы маңызды

Жазасын өтеуші үшін жақындарының қолдауы маңызды
ашық дереккөз
Жазасын өтеуші үшін жақындарының қолдауы маңызды
Бүгінгі таңда жол бойында жан тапсыратындардың қатары сиремей тұр. Әрине, өте өкінішті. Жалпы, бұл жағдайға әлдеқайда асыққан көлік жүргізушілерінің жылдамдықты арттыруы мен жолдың сапасыздығы себеп болып отыр. Абайсызда адам өліміне алып келген оқиғалардың соңы да аянышты. Өйткені, заңға сәйкес тәртіп бұзған әрбір адам жазалануы тиіс. Осылайша, олардың кейбірі сот үкімімен темір торға тоғытылады. Рас, тағдырын ешкім таңдамайды. Әйтпесе, адам баласы қиналмай-ақ қалағанына қол жеткізер еді. Кейде бардың қадірін білу үшін де бәрінен айырылуға тура келеді. Өмірдің ащы шындығы осы. Кімде-кім тәртіп бұзып және ол ісі сотта дәлелденсе, оған берілетін жаза да қатаң. Сондай-ақ абайсызда қылмыс жасағандарға да үкім шығады. Әлбетте, еркін өмірде жүрген адамның бір-ақ күнде түзеу мекемесіне жөнелтілуі қиын-ақ. Десе де, заң бәріне бірдей. Тіпті, абайсызда орын алған қылмыс болса да, заң бойынша кінәлі адам қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесінде жазасын өтейді. Дәл осы тұста оған туған-туыстарының қолдауы аса қажет. Мұндайда қысқа және ұзақмерзімді кездесулердің мәні зор. Мұның бәрі жазасын өтеуші өзін жапан далада қалғандай сезінбес үшін қолға алынған. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде темір тұлпар тізгіндеп, абайсызда орын алған оқыс оқиғаның басты кейіпкеріне айналғандар жазасын өтеуде. Міне, осы сәтте оларды отбасы мүшелері барынша қолдауға күш салуда. Жақында ғана жол-көлік оқиғасында сот шешімімен кінәлі деп танылған ер адамның сүйген жары кішкентай нәрестесін алып, ұзақмерзімді кездесуге рұқсат алды. Енді олардың 2 тәулік бойы сырласып, алдағы жоспарлары жөнінде әңгімелесуге мүмкіндігі бар. Бұл – өз кезегінде сотталған азаматтың түзелу жолына түсуіне әрі отбасымен қарым-қатынасын үзбеуіне зор ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар