Жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды
Талас аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторлары Қаратау қаласының көшелерін патрульдеу кезінде жол қозғалысы ережесін бұзған «Toyota Сamry» маркалы автокөлігін байқайды. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамай және бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамастан жүрісін жалғастырған. Уақыт өте көлікті тоқтатқан тәртіп сақшылары жүргізушімен әңгімелесу барысында оның масаң күйде көлік басқарғанын анықтайды. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша оның «жеңіл» дәрежедегі мас күйінде болғаны расталды. Қазіргі таңда бұл дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
Ер адам сот үкімімен жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің белгіленген баптарына сай әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.
Есен ӨТЕУЛІ.
Ұқсас жаңалықтар
Өндірістегі жазатайым оқиға: әділдік пен заң талаптары
- 12 наурыз, 2026
Үйді тонаған ұры емес, өзі болғаны ма?...
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




