106 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды
Бүгінде облыс аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Ондағы мақсат – қоғамдық көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Шара барысында облыстың тас жолдарында 106 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырғаны үшін 29, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 22 жүргізуші жауапқа тартылды. Ал 4 жүргізуші ұялы телефонды пайдаланғаны үшін айыппұл арқалаған.
Бұдан бөлек, 4 жүргізушінің жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны және техникалық тексеру мерзімінің өтіп кеткені белгілі болды. Сондай-ақ лицензиялау нормаларын бұзудың 2, еңбек және демалыс режимін бұзудың 3 дерегі тіркелді.
Облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушілерге жолда мұқият болуды және жол ережелерін қатаң сақтап, алыс жолға шығар алдында міндетті түрде көліктің техникалық жағдайын тексеруді ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




