«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
ашық дереккөз
Мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Сарысу аудандық полиция бөліміне жергілікті бірнеше тұрғын сауықтыру лагерінің маңындағы өрісте жайылып жүрген сиырларын белгісіз тұлғаның ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Жәбірленушілер жоғалған сиырларын бірнеше күн бойы өз күштерімен іздегенімен, нәтиже болмағанын жеткізген. Ал шаруаларға келтірілген шығын көлемі 2 миллионға жуық қаржыны құрайды. Аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар 46 және 35 жастағы аудан тұрғындарынан құрылған қылмыстық топты анықтап, құрықтады. Сондай-ақ күдіктілердің қатысуымен 6 мал ұрлығы дерегі анықталды. Қазіргі таңда күдіктілер кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сай сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Айта кетейік, өңірімізде «Мал ұрлығы» жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижесінде 12 қылмыс ашылып, 4 қылмыстық топ құрықталған.

Ұқсас жаңалықтар