Мас күйінде темір тұлпар тізгіндегендер ұсталды
Тараз қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аумақты тексеру жұмыстары барысында жол ережелерін бұзған 26 және 28 жастағы көлік жүргізушілерін анықтады. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес қос азаматтың ішімдік ішкені анықталған. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес екі ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Облыстық полиция департаментi заңнама талаптарына қатысты қатаң шараларға қарамастан, тараздық көлік жүргізушілер мас күйінде жолға шығуды жалғастырып жатқанын айтып дабыл қағуда. Тәртіп сақшылары жол ережесіне немқұрайдылықпен қарау жүргізушілер мен барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірiне қауіп төндіретiнiн жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




