Саясат
Үкімет ауыл халқының табысын арттыруға 1 трлн теңге бағыттайды
- author «Ақ жол»
- 12 желтоқсан, 2022
- 221
Үкімет ауыл халқының табысын арттыруға 1 трлн теңге бағыттайды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет азаматтардың табысын арттыру бойынша қабылдап жатқан шаралар туралы баяндады.
Әлихан Смайылов шағын несиеге қолжетімділікті кеңейту есебінен ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны іске асыру басталғанын атап өтті. Оған келесі жылға 70 млрд теңге бөлу көзделген.
«Жалпы 5 жылдың ішінде осы жобаға 1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамти отырып, 1 трлн теңге бағыттау жоспарланып отыр», — деді Премьер-Министр.Оның айтуынша, осы жұмыс аясында барлық жеке үй шаруашылықтың жартысын кооперативтік кәсіпкерлікке тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Сонымен қатар Әлихан Смайылов қазіргі уақытта халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы одан әрі іске асырылып жатқанын атап өтті. Оның шеңберінде 3 млн-нан астам адамның жалақысы өсті. Дәрігерлердің жалақысы 30%-ға дейін, мұғалімдердің – 25%-ға, бюджет сферасының басқа қызметкерлерінің жалақысы – 20%-ға, өндірістік персоналдың жалақысы – 10-50% аралығында көтерілді. Сондай-ақ бағдарлама аясында биыл 11 айда 563 мың жаңа жұмыс орны құрылды, бұл жоспарланған көрсеткіштен 27%-ға жоғары. Бұдан басқа, Үкімет азаматтарды жұмыспен қамту бойынша іс-шараларды белсенді іске асыруда. Биыл 830 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты, соның ішінде 233 мыңы – жастар.
Ұқсас жаңалықтар
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді