Саясат
Мемлекет басшысы: Ұлттық қордан ақшаны азырақ жұмсап, көбірек табыс табу керек
- author «Ақ жол»
- 12 желтоқсан, 2022
- 210
Мемлекет басшысы: Ұлттық қордан ақшаны азырақ жұмсап, көбірек табыс табу керек
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық саясат мәселелеріне баса назар аударды.
Мемлекет басшысы елімізде әділ бәсеке орнап, бизнес адал жұмыс істесе, әділетті нарықтық экономика құру қажет екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, ең алдымен, отандық кәсіпкерлердің сенімін арттыру өте маңызды. Қазір жеке меншікке заңсыз өтіп кеткен активтерді қайтаруға баса мән беріліп отыр. Бірақ кейбір мәселелер назардан тыс қалып барады. Әкімшілік кедергілерді азайтып, нарыққа баға белгілеу арқылы қысым жасауды тоқтату керек.
«Тік монополиялық топтар нарықтарға тәуелсіз жеткізушілерге қол жеткізуді шектейтін өндіріс және электр энергиясымен қамтамасыз ету нарықтарды монополиялаудың айқын мысалы бола алады. Біз электр энергиясын бірыңғай сатып алушы институтын енгізуге кірістік. Осылайша, тиімсіз делдалдықты және өндірушілердің өздерінен қаражаттың бөлінуін болдырмаймыз. Нәтижесінде елімізде барлық өңірлер мен ұйымдар үшін теңгерімді баға қалыптасады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президенттің айтуынша, энергия өндірушілермен үлестес компаниялар оны төмен бағамен алып, тұтынушы төлейтін артық пайданы қалтасына салатын ескі мәселе шешіледі. Бюджет саясатына тоқтала келе, Мемлекет басшысы Үкімет бюджеттің тұрақты болуын қамтамасыз етіп, Ұлттық қордың трансфертіне тәуелділіктен біртіндеп құтылуы қажет екенін атап өтті.
«Бір жылдан кейін Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысын балалардың есепшотына аудара бастаймыз. Сол кезде барша азаматтар Ұлттық қордағы ахуалды жіті қадағалап отыратын болады. Бұл нағыз халықтық, қоғамдық бақылаудың басталғанын білдіреді. Үкімет те, Ұлттық банк те мұны жете түсінуі керек. Тағы да естеріңізге саламын, алдағы 7 жылда Ұлттық қордың активтері 100 миллиард долларға жетуге тиіс. Сондықтан ақшаны азырақ жұмсап, көбірек табыс табу керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысының айтуынша, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі өзге елдердің мұндай қорларымен салыстырғанда әлдеқайда төмен.
«Ұлттық қордың жылдық табысы соңғы 10 жылда 1,6% болды. Сингапурдағы осындай қор 6,4 ал Норвегияның қоры 7,5% табыс тапқан. Демек, біздегі қорды басқару міндетін атқаратын органның жұмысы айтарлықтай тиімді деп айтуға болмайды. Ұлттық банкке Үкіметпен бірлесіп, Ұлттық қорды басқару ісін жетілдіру туралы ұсыныс енгізуді тапсырамын. Онда мен айтып өткен кемшіліктер түгел ескерілуге тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту туралы айта келе, Президент қазақстандық өндірушілердің отандық шикізаттың қолжетімсіздігіне қатысты шағымдары келіп түсетінін атап өтті. Қабылданған заңнамалық нормалар әлі күнге дейін «тоқтап тұр».
«Басқа ірі өндірушілер әртүрлі сылтаумен ішкі нарыққа жеткізу туралы келісімдерге қол қоюдан бас тартады. Негізгі көлем экспортқа жөнелтіледі (87% алюминий, 98,8% мыс, 77% қорғасын). Үкімет отандық қайта өңдеушілерді қолжетімді шикізатпен толыққанды қамтамасыз ету үшін ірі өндірушілерге әсер етудің қосымша заңнамалық тетіктерін әзірлеуі керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ұқсас жаңалықтар
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді