«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ұйымдастыру ауқымы артады

Ұйымдастыру ауқымы артады
ашық дереккөз
Ұйымдастыру ауқымы артады

15Болат Исақов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы-Тәртіптік кеңестің төрағасы.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Жолдауы әлемдік кеңістіктің бөлінбес бөлігі болып табылатын еліміздің жаһандық деңгейде өтіп жатқан саяси және экономикалық үдерістердегі негативтік тенденциялар мен оның салдарларына орай ширақ әрекет жасай алатындығын айғақтайды. Жолдауда Елбасы барлық экономиканы қайта бағдарлау қажеттігін, экономика және жұмыспен қамтудың өсіміне анағұрлым мультипликативті тиімді жағдай туғыза алатын салаларға ғана қолдау көрсетілуі тиістігін атап көрсетті. Республика Президенті басты міндеттерінің бірі кең ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламаларды іске асыру болып табылатын жаңа экономикалық саясатты жүзеге асырудың басталғандығын жария етті. Елбасының халыққа Жолдауын «Нұр Отан» партиясының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданған партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жариялауының өзінде үлкен символикалық мағына жатыр. Еліміздің алдына Мемлекет басшысы қойған міндеттерді шешу үшін қыруар қаржы, соның ішінде Ұлттық қордан да қаражат бөлінгелі отыр. Тиісті мемлекеттік және қоғамдық бақылаусыз оларды игеруде көптеген айла-шарғының орын алуы ықтимал. Осыған байланысты жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар айрықша мәнге ие болмақ. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Бүгінде, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл акценті әлеуметтік құбылыс ретінде парақорлықтың туындау себептері мен жағдайын жоюға ауыстырылған», деп атап көрсетті. Күні кеше облыс әкімінің төрағалығымен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша үлкен семинар-кеңес өткені белгілі. Онда анағұрлым жемқорлық көріністері орын алған салалардағы оның орнығу себептері талданып-сараланады, сыбайластыққа қарсы әрекет бойынша қолданылатын нақтылы шаралар мәселелері талқыланды. Бұл өте маңызды және дер кезінде қолданылған шара Жолдау жүктеген міндеттің ауқымды екенін тағы бір мәрте танытты.

Ұқсас жаңалықтар