Құқық
Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 200-ден астам дерегі анықталды
- author «Ақ жол»
- 8 желтоқсан, 2022
- 796
Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 200-ден астам дерегі анықталды
Өңірімізде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушыларды тасымалдайтын жүргізушілердің арасында көлік тәртібін сақтау мақсатында «Автобус» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. Профилактикалық шараның алғашқы күнінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен орын алған жол қозғалысы ережелерін бұзудың 200-ден астам дерегі анықталып, айып тұрағына 14 автокөлік қойылды.
Сондай-ақ, басып озу және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін – 54, жылдамдықты асырғаны үшін – 8, сақтандыру полисінсіз басқарғаны үшін 10 қоғамдық көлік жүргізушілері жауапқа тартылды. Ал көлік құралын басқару кезінде жүргізушілердің ұялы телефонды пайдалануының 20-дан астам дерегі анықталды.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде жолаушылар көлігінің қатысуымен 21 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 10 адам қаза тапқан. Сондай-ақ 52 азамат жарақат алған. Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




