Мас жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды
Талас аудандық полиция қызметкерлері «Аса-Ақкөл-Ойық-Ұланбел» тасжолының бойында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін «Ауди Б4» маркалы автокөлігін тоқтатып, жүргізушімен әңгімелесу барысында оның мас күйде екенін байқаған. Ал сараптама нәтижесінде ер адамның «жеңіл» дәрежедегі ішімдік ішкендігі анықталды. Сонымен қатар құжаттарды тексеру кезінде әкімшілік соттың 2021 жылғы 25 қазандағы шешімімен жүргізушінің 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Бүгінгі таңда бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан және мас күйінде жүрген адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Өндірістегі жазатайым оқиға: әділдік пен заң талаптары
- 12 наурыз, 2026
Үйді тонаған ұры емес, өзі болғаны ма?...
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




