12 қару мен 100-ге жуық патрон тәркіленді

12 қару мен 100-ге жуық патрон тәркіленді
ашық дереккөз
12 қару мен 100-ге жуық патрон тәркіленді
«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында 12 бірлік қару мен 100-ге жуық түрлі калибрлі патрондар табылып, тәркіленген. Суық қарулардың ішінде 2 ұсақ калибрлі «ТОЗ-16», «ТОЗ-8» мылтықтары, «ИЖ-56 Белка» қос ұңғылы шолақ аңшы мылтығы мен 2 шолақ, 7 тегіс ұңғылы мылтық бар. Тараз қаласының шеткері аумағынан зауыттық нөмірлері механикалық жолмен өшірілген оқ-дәрісіз, калибрі 12 миллиметр «МР-153» маркалы тегіс ұңғылы мылтық табылған. Ал Сарысу ауданының Ә.Бүркітбаев ауылынан 10 шақырым жердегі шаруа қожалығының аумағында орналасқан сарайдан 5,6 калибрлі «ТОЗ-16» маркалы мылтық, калибрлі «ИЖ-18Е» маркалы бір оқпанды аңшы мылтығы, 19 патрон және 58 гильза табылып, тәркіленген. Бұл күні Жамбыл ауданының құмды аумағында орналасқан шаруа қожалығынан калибрі 16 миллиметр «ИЖ-18 ЕМ» маркалы бір ұңғылы аңшы мылтығы табылған. Қазіргі таңда барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Айта кетейік, жамбылдық полицейлер жыл басынан бері 673 атыс қаруын, оның ішінде 131 автомат пен 232 тапанша тәркілеген.  

Ұқсас жаңалықтар