Бұрын жасалған 20 қылмыс дерегі ашылды
Өңірде қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында бұрын жасалған 20 қылмыс дерегі ашылды. Сондай-ақ полицейлер 34 қылмыстың ізін суытпай ашқан. Жалпы, бұл күндері 3 мыңнан астам құқықбұзушылық дерегі анықталған. Оның ішінде ұсақ бұзақылық дерегі – 216, спирттік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде болуы фактісі – 273. 674 адам тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, 24 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, темір тұлпарды тізгіндеу құқығынан айырылған адамдардың көлік құралын басқаруының 8 дерегі анықталған.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




