Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
Өңірде аса ірі мөлшерде «героин» есірткі затын саудалаумен айналысатын ұлтаралық қылмыстық топ құрықталды. Оларға қарсы ауқымды шараны облыстық прокуратура мен полиция департаменті бірлесе жүргізген. Арнайы операция барысында ұсталғандардан 1 келі 280 грамм «героин» есірткісі, сондай-ақ «гашиш» есірткі заты, «кептірілген марихуана» мен синтетикалық есірткі тәркіленген. Бүгінгі таңда бұл дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Атап өтерлігі, қазіргі уақытта есірткі заттарының облыс аумағындағы өзге де түсу арналарын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




