Құқық
Тараздық тұрғын 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- author «Ақ жол»
- 7 желтоқсан, 2022
- 815
Тараздық тұрғын 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
33 жастағы ер адамға аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген айып тағылып отыр. Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпарат негізінде әрекет етіп, қала тұрғынын тінту кезінде «каннабис шайыры» есірткі затының 44 бумасын тауып, тәркілеген. Сонымен қатар оның үйін тексеру барысында ас үй бөлмесіндегі газ плитасының астынан есірткі заты оралған 2 бума табылды. Мұндағы есірткінің жалпы салмағы 628 грамнан асады. Қазіргі таңда ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




