Ұрлық түбі – қорлық
Қылмыстың үлкен-кішісі болмайды. Кейде сол ұсақ-түйектен басталған құқықбұзушылық уақыт өте асқынып, арты ауыр қылмысқа апарып соғатыны да жасырын емес. Сол себепті, кез келген құқықбұзушылықтың алдын алып, жолын кесу – қоғамда тыныштықты сақтаудың тиімді тәсілі. Бүгінде ақшаны адал еңбекпен емес, ұрлық-қарлықпен, әлімжеттікпен табуды кәсіп еткендер бар. Бұл – олар үшін «бизнестің» бір түріне айналған. Мәселен, Н есімді азамат өзгеге тиесілі «Navigator Stels» маркалы велосипедті ұрлау арқылы пайда табуды көздеген. Ол «Алатау» шағынауданындағы №13 үйдің қасында орналасқан «Пластикалық өнім» қабылдау ғимаратының қасынан өтіп бара жатып, қоршау алаңындағы қызыл түсті велосипедті байқайды.
Маңайында өзге адамның жоқ екендігіне көзі жеткен соң, бірден арам ойын іске асырады. Осылайша, оқиға орнынан бой тасалаған ер адам көп кешікпей құрықталды. Нәтижесінде ол қолды еткен велосипед А есімді азаматшаға тиесілі екендігі және оның құны 35 мың теңге тұратындығы белгілі болды.
Қазіргі таңда ұрлық жасаған азаматқа қатысты №2 қалалық соттың үкімі шығып, оған Қылмыстық Кодекстің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағына сәйкес үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Бұдан бөлек, пробациялық бақылау қойылып, түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайында болуы міндеттелді.
Жалпы дамыған елдерде ұрлық жасағандарға кешірім жоқ. Елімізде де жыл өткен сайын нақ осы қылмыстың алдын алу мақсатында жаза қатаңдатылып келеді. Өкініштісі, кейбір азаматтарымыз ұрлықты қылмыс емес деп санамайды. Ал шын мәнінде қылмыстың аты – қылмыс. Өзгенің ақ адал дүниесін иемдену, оңай жолмен олжа табу – абырой әпермейді. Себебі «ұрлық түбі – қорлық».
Ғалымжан ЖАҚУПОВ,
Тараз қалалық прокуратурасының
аға прокуроры.
Ұқсас жаңалықтар
Жазасын өтеушілер дін саласының өкілдерімен кездесті
- 16 қазан, 2024
Тауар таңбасы заңмен қорғалады
- 8 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді