Балпық би ауылының тұрғыны автокөлік ұтып алды
KMF компаниясының 25 жылдығына орай өткен «Айхай 25!» науқаны аяқталды. 30 мыңнан аса адам қатысқан науқанның басты ұтыс ойыны тікелей эфирде өтіп, басты сыйлықтардың иелері анықталды.
Биыл қыркүйектен бастап бизнесін дамытуға 500 мың теңгеден жоғары сома рәсімдеген KMF клиенттері науқанға қатысты. Компания 100 смартфон, саяхатқа арналған 1 миллион теңгеден 2 сертификат пен автокөлік ойнатты. Басты ұтыс ойынында Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылының тұрғыны Саидам Алимжановна мен Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылының тұрғыны Айқын Ахат саяхатқа сертификат ұтып алды. Ал автокөлік Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылының тұрғыны Сәуле Қанашқа бұйырды.
2019 жылдан бері KMF-тің тұрақты клиенті болып келе жатқан ол бизнесіне қаражат керек болып, науқан кезінде микрокредит рәсімдеген. Балалар киімдерін сатумен айналысатын ол автокөлік ұтып алғанына сене алмағанын айтады.
«Дүкен ашу бұрыннан арманым болатын. Бастапқыда базарда сауда жасадым, кейіннен сауда үйінен жалға орын алып, кәсібімді жүргіздім. Шағын ғана ісімді әрі қарай дамыту үшін қаржы керек болды. Сөйтіп, KMF қол созды. Бұл компанияға ризамын, алғысым шексіз. Ұтыс ойынында басты сыйлықты ұтып аламын деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген шығар. Жалпы, сыйлық ұтып алдың деп алдап, қоңырау шалатындар аз емес. Автокөлік ұттыңыз деп хабарласқан кезде де телефонды қойғанша асықтым. Кейін жеке менеджерім хабарласып құттықтағанда, бірақ сендім. Қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес! Көлігіміз жоқ еді, жұмысымызға да аса қажет болатын, сондықтан бақыттан айтарға сөзім жоқ. Кәсібімнің дамуына үлес қосып қана қоймай, осындай құнды сыйлықтарды ойнатып, қуаныш сыйлаған KMF-ке тек жақсылық тілеймін», – деді жеңімпаз.
KMF сыйлықтары мұнымен таусылмайды. 21 қарашадан бастап «1 000 000-ға тур!» жаңа науқаны басталды. Ол 2023 жылдың 31 қаңтарына дейін жалғасады. Оған қатысу үшін кез келген мақсатқа 500 000 теңгеден жоғары сомаға микрокредит рәсімдеу керек. Жүлде қоры – саяхатқа арналған әрқайсысының номиналы 1 000 000 теңге болатын 14 сертификат!
Жеңімпаздар 2023 жылдың 10 ақпанында KMF-тің Instagram желісіндегі @kmf_ kz парақшасында өтетін тікелей эфирде анықталады.
Айта кетейік, биыл KMF компаниясы 25 жылдық мерейтойын атап өтуде. Компанияға сенім артқан 250 мыңнан аса клиенті бар және KMF-тің еліміз бойынша 14 филиалы мен 116 бөлімшесі жұмыс істейді.
KMF – Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. Нарыққа ширек ғасыр бұрын келген компанияның микрокредит өнімдері туралы толығырақ kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болатын 7474 байланыс орталығынан білуге болады.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін
ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді