Бірлесе жұмыс істеу – нақты нәтижеге жол ашады
Қоғамды дамытпайтын кеселдің бірі – жемқорлық. Әсіресе, бұл дерттің құқық қорғау органдарында тамыр жаймауы аса маңызды. Өйткені, қарапайым халық сенім артып, үміт ететін құзырлы органдардың заң талаптарын орындауда өз кедергісін жасайтыны анық. Осы ретте, құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі шаралар қолға алынған.
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің басшы құрамы жемқорлықты жоюды күнтәртібінен түсірген емес. Бұл бағытта ант қабылдаған офицерлерден ел мүддесі жолында әрі халық сенімінен шығу қатаң талап етіледі. Мекеменің жедел бөлімінің бастығы, әділет майоры Уалихан Сатенов арнайы жиын барысында әріптестеріне аталған дертке қарсы тұрып, бірлесе жұмыс жасау қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ ол өз сөзінде мекемедегі сотталғандар арасында да қылмыстың алдын алу мәселелерін назарда ұстау қажеттігін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




