Саясат
Тұрғындардың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға күш салу қажет
- author «Ақ жол»
- 3 желтоқсан, 2022
- 300
Тұрғындардың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға күш салу қажет
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов облыстың барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысына қатысты. Отырыста Премьер-Министр Мемлекет басшысының облыс әкімі лауазымына Әлихан Балқыбеков пен Нұржан Нұржігітовтің кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқыды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 191 депутаттың 164-і Нұржан Нұржігітовтің кандидатурасына дауыс берсе, 27 депутат Әлихан Балқыбековті таңдады.
Ал облыс активімен кездесу барысында Әлихан Смайылов әкімдіктің алдында өңірді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту, оның ішінде ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын және басқа да стратегиялық құжаттарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде міндеттер тұрғанын атап өтті.
Алдағы жылдары әлеуметтік нысандарды, тұрғын үй- коммуналдық, энергетикалық және ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу, жергілікті жолдардың сапасын арттыру және басқа да шаралар жүзеге асырылмақ.
Өңірде 9,5 мың оқушыға арналған 13 жаңа мектеп және 30 алғашқы медициналық- санитариялық көмек нысаны ашылады, сондай-ақ 3 аудандық аурухана жаңғыртылады.
2021 жылдан бастап коронавирус инфекциясына қарсы отандық QazVac вакцинасын шығаратын биофармацевтикалық зауыттың екінші кезеңінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.
«Облыс әкімі азаматтардың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыру жөніндегі барлық жоспарлардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуі тиіс», – деп атап өтті Премьер- Министр.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов өңір басшылығы отандық азық- түлік өнімдерін өндіруді ұлғайту және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмысты бақылауда ұстауы керек екенін айтты.
«Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді