Қаракемер ауылына ауызсу құбыры тартылуда
Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев Қаракемер ауылына жүргізіліп жатқан ауызсу құбырының құрылыс жұмыстарын арнайы барып көрді.
Ауыл ауызсумен қамтылған. Дегенмен тозығы жеткен құбырлардың салдарынан ауыл азаматтары сапасыз тіршілік нәрін тұтынып отыр.
Елді мекенді ауызсумен қамту үшін 504 млн теңге қаражат қаралып, мердігер «Таразстрой 2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазан айынан бастап іске кіріскен.
Жалпы су құбырының жалпы ұзындығы 19,2 шақырымды құрайды. Бүгінде мердігер аз уақыт ішінде ауыл маңынан ауызсу мұнарасының орнын қоршап, скважина қазу жұмыстарын аяқтаған.
Құрылыс жұмыстарын көрген аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы тұрғындар өтініші негізінде жүзеге асырылып жатқан игілік сапалы жасалып, уақытылы аяқталуы керектігін мердігер өкіліне ескертті.
Құрылыс жұмыстарын аралау кезінде аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков пен аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Үсенов бірге жүрді.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Үш базар толық жаңғыртудан өтпесе, жұмысын тоқтата ма?
- 6 желтоқсан, 2025
Қыдыр дарыған Қыдырәлі
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




