
Өз ісіне адал тәрбиеші
https://youtu.be/M5N-111mP4I
Түзеу мекемелерінде жасақ бастығының қызметі маңызды рөлге ие. Өйткені, бұл қызметті атқаратын жанның негізгі мақсаты – арнайы контингент арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, сотты болғандармен әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу әрі жазасын өтеушілердің туған-туыстарымен әңгімелесу.
Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі жасақ бастықтарының бірі - Айнұр Ахашева. 2011 жылдан бері құқық қорғау саласында қызмет ететін Айнұр Нұрболатқызы бұған дейін облыс аумағындағы өзге де жабық мекемелерінде қызмет етіп, тәжірибе жинаған. Шені – әділет майоры. Жасақ бастығы қызметіндегі бір жыл ішінде ол сот үкімімен кінәлі деп танылған азаматтарды түзелу жолына түсіру және қоғамға бейімдеу мақсатында еңбек етіп келеді.
Айта кетейік, бүгінде №26 түзеу мекемесінде 14 сотталған әйел жазасын өтейді. Оның ішінде, 12 нәзік жанды азаматша ақылы жұмыспен қамтылған.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғамдық орынның тәртібін сақтау қажет
- 19 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді