Меркі ауданында есірткі сатушы ұсталды
Облыстық полиция департаментіне қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты жүзеге асыру нәтижесінде Меркі ауданында есірткі сатушыны құрықтады. 45 жастағы ер адам шаруа қожалығының аумағында мал бағумен айналысатын шопан иелерінің жоқтығын пайдаланып, ұзақ уақыт бойы тыйым салынған заттарды сақтап келген. Аумақты тексеру барысында өткір иісі бар өсімдік тектес заттың 3 пакеті мен 2 елек жасырылғаны және одан 400 метр қашықтықта 6 қап пен 3 пакет бары анықталды. Сараптама нәтижесіне сәйкес, бұл заттардың жалпы салмағы 130 келіден асатын «кептірілген марихуана» екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
– Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бапта мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – дейді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Жемқорлықты жоюдың жолы – алдын алу
- 13 желтоқсан, 2025
Таразда жазасын өтеушілерге құқықтық көмек көрсетілді
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




